Бір айда Қазақстан шекарасынан 5 мыңға жуық шетел азаматы ұсталды – ҰҚК

Бүгін, 12:16 / Алуа Арман
ҰҚК

ҰҚК Шекара қызметінің 2026 жылғы тамыздағы қызметінің нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

ҰҚК есебіне сәйкес, бір айда Шекара кеңістігінде ҚР заңын бұзған 5 588 адам, оның ішінде 4 907 шетел азаматы ұсталған.

Мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 2089 фактісінің алды алынды, соның ішінде:

30 факті – есірткі заттары;

68 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (5 бірлік пневматикалық қару, 130 бірлік суық қару, 228 бірлік оқ-дәрі);

1 061 факті – көлемі 159 тоннадан асатын жанар-жағармай материалдары;

751 факті – жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;

179 факті – сомасы шамамен 1,5 млрд теңгені құрайтын шетел валютасы.

Каспий су айдынында браконьерлікпен айналысудың 61 фактісі тоқтатылып, браконьерлік құралдар мен бекіре балықтары тәркіленді.

Алдын алынған шығын сомасы 561 млн теңгеден астамды құрады.

Құзыреті шеңберінде Шекара қызметі 63 қылмыстық іс қозғап, тергеу шаралары жүргізілуде.

Сондай-ақ 40 млн теңгеден астам көлемде айыппұл салынған 4 886 әкімшілік іс өндірісте.

Қалған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешімдер қабылдануы үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Тэгтер:

ҰҚК шетел азаматы шекара