Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданындағы Мұқанов көшесінде орналасқан көпбейінді аурухана аумағында жиналған макулатура өртенді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өрт салдарынан жалын негізгі бес қабатты ғимаратқа жалғасып салынған бір қабатты кіреберістің ағаш шатыр конструкциясына тарады.
Оқиға орнына келген ТЖМ құтқарушылары аурухана әкімшілігімен бірлесіп, қауіпсіздік мақсатында 20 пациентті ғимараттың көршілес блогына көшірді.
Өрт 25 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Құтқарушылардың жедел әрекеті нәтижесінде оттың негізгі және оған жалғасып салынған ғимараттарға одан әрі таралуына жол берілмеді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.