"Жүрегімнің ішіндегі жүрегім": Сәкен Майғазиев жұбайына әсерлі жазба арнады

Бүгін, 22:29 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайы Динара Майғазиеваны туған күнімен құттықтап, жүрекжарды тілегін білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі жарына деген ықыласын білдіріп, отбасымен бірге ұзақ әрі бақытты ғұмыр кешуді тіледі.

"Жаңа жасыңыз құтты болсын, жүрегімнің ішіндегі жүрегім! Мейірімі шексіз Алладан саналы, салиқалы ұрпақтарымыздың жақсылығын ғана көріп, бірге әдемі қартаюымызды тілеймін", – деп жазды Сәкен Майғазиев.

Әнші жазбасында балаларының қызығын бірге көріп, отбасының амандығы мен берекесін тілейтінін жеткізді.

Сәкен Майғазиевтің жұбайына арнаған жылы лебізі желі қолданушыларының да назарын аударды.

Тэгтер:

Сәкен Майғазиев