Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбай маңызды мәлімдеме жасады

Бүгін, 21:36 / Жамбыл Жайлау
instagram.com/qaz_team_official

Екі дүркін әлем чемпионы, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай алдағы маңызды жарыстар қарсаңында дайындығы туралы айтып, отандастарына үндеу жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Спортшының сөзінше, тамыз айы толығымен жаттығу мен дайындыққа арналды. Ол алдағы қыркүйекте бірнеше маңызды бәсеке күтіп тұрғанын атап өтті.

"Тамыз айы да осылай қарапайым өтіп кетті: жаттығу, жаттығу және тағы да жаттығу. Режим. Тәртіп. Алда қарбалас қыркүйек – маңызды жарыстар күтіп тұр", – деп жазды боксшы.

Назым Қызайбай қазақстандықтарды өзіне және ел намысын қорғайтын спортшыларға қолдау көрсетуге шақырды.

"Мен үшін, біздің ел үшін жұдырықтарыңызды қысып, қолдау білдіріңіздер. Барлық осы жаттығу мен еңбектің нәтижесі жақсы болады деп сенемін", – деді ол.

Айта кетейік, 2026 жылғы Жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Нагоя қаласы мен Айти префектурасында өтеді.

Тэгтер:

бокс Назым Қызайбай