«Instagram-да блогерлер өтірікті сапырып жүр»: Ирина Раззақ шындығын жайып салды

Бүгін, 16:05 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде танымал блогер Ирина Раззақ сұхбат беріп, инстаграм әлеміндегі қызылды-жасылды өмірдің жалған екенін, блогерлер елді қалай алдап жатқанын айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Инстаграм әлемінде блогерлердің бәрі өтірікті сапырып жатыр. Халықты алдап жатқаннан кейін мен шындықты шырылдап айта беретін едім, бірақ жаман атты көрінетін едім. Адамдар инстаграмдағы қызылды-жасылды өмірді көргеннен кейін оңай олжа тапқысы келіп жатыр. Оңай олжа табу үшін өтірік өмірді көрсетуге тура келеді. Оларды көрген жұрт «Мына адам ажырасқаннан кейін бақытты болды. Мына адам қайырымдылық жасағаннан кейін жолы ашылып кетіпті» деп ойлайды. Сондай өтірік қаптап кеткен. Соған мен қатты күйіндім. Сотқа берген кездері маған ауыр тиді. Шындықты айтам деп, халық үшін шырылдап жатқанда, неге мен жауапты болуым керек? Заңгерлерге «Мен мына жерде шындықты айтып жатырмын ғой» десем, олар «Ирина, заңда олай емес, сен айтқан сөздерің үшін жауаптысың. Сенің сөзіңе жабысады. Осы жерден өзіңді ақтап шық та, қой» дейді. Сондай күндері адамдардың көзін ашатын басқа жол, рухани трансформация жолын таптым», - дейді ол.

Тэгтер:

блогер алдау өтірік Ирина Раззақ