Атыраудағы Ұлттық ұланның әскери бөлімінде «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды

Бүгін, 15:45 / Інжу Әлихан
Ұлттық ұлан

Атырауда орналасқан Ұлттық ұланның 5546 әскери бөлімінде дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында игі іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Акцияның басты мақсаты – көпбалалы әскери қызметкерлердің отбасыларына қолдау көрсетіп, балалардың жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтармен қамтылуына ықпал ету.

Іс-шара «Halyk Bank» АҚ-ның демеушілігімен өткізіліп, әскери қызметкерлердің мектеп жасындағы балаларына оқу жылына қажетті мектеп құралдары табысталды. Атап айтқанда, балаларға мектеп сөмкелері, дәптерлер, қаламсаптар және басқа да оқу құралдары берілді.

– Балаларға жасалған әрбір қолдау – олардың білімге деген ынтасын арттырып, болашаққа нық қадам басуына берілген мүмкіндік. Осындай игі бастамалар әскери қызметкерлердің отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік қолдаудың маңызды бөлігі, – деді әскери бөлім командирі полковник Самет Құлахмедов.

«Мектепке жол» акциясы – қоғамдағы қайырымдылық пен өзара қолдаудың маңызын арттыратын игі дәстүр. Ұлттық ұланның әскери бөлімдері де жыл сайын бұл бастамаға белсенді түрде атсалысып келеді.