Әнші Қайрат Нұртас шығармашылық жолындағы 20 жылдығына арналған шоу-концертін Алматыда да өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі кештің жай концерт емес, көрермендермен бірге өткен 20 жылдың естелігі болатынын айтты.
«Сіздерге бір маңызды жаңалығым бар. 20 жылдық шоу-концертімді Алматыда өткіземін деп шештім. Себебі бұл – басқа шоу. Ерекше сахна, жаңа бағдарлама. Бұл кешті алматылықтар да көру керек деп ойлаймын. Мұны жай ғана концерт деп айту аздық етеді. Себебі бұл – сіздермен бірге өткізген 20 жыл. Естелік, сол хиттер, ерекше сәттер», – деді әнші.