«Қала хикаялары» республикалық әдеби байқауына өтінім қабылдау басталды

Бүгін, 14:16 / Інжу Әлихан
Мәдениет және ақпарат министрлігі

Елімізде «Қала хикаялары» республикалық әдеби байқауына өтінім қабылдау басталды. Проза жанрына арналған байқау жаңа есімдерді анықтауға және қолдауға бағытталады. Байқауға қатысушыларға қала мәдениеті, адам тағдыры, қоғамдағы өзгерістер, сондай-ақ ұлттық болмыс пен заманауи құндылықтардың сабақтастығы тақырыптарын көркем туындылар арқылы жеткізу ұсынылады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әдеби байқауға Қазақстан азаматтары қатыса алады. Қатысу үшін көлемі кемінде 10 авторлық баспа табақ (бір авторлық баспа табақтың көлемі 40 мың баспа таңбасын құрайды) болатын, бұрын еш жерде жарияланбаған қала тақырыбындағы романдар қабылданады. Әр автор бір ғана шығармасын ұсына алады.

Өтінім 2026 жылғы 1 қыркүйек пен 31 желтоқсан аралығында qoljazba.bookfund.kz⁠ сайты арқылы қабылданады.

Жүлделі орын алған туындылар 15 мың данамен басылып, еліміздің кітапханаларына таратылады.

Қосымша ақпаратты 8 (7172) 74-04-07, 8 (7172) 74-03-84, 8 (7172) 74-04-08 телефондары арқылы алуға болады.