Жаңа Құрылтайдың елдің саяси жүйесін жаңарту үдерісіндегі маңызды кезеңдердің біріне айналды. Саясаттанушы, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабековтің пікірінше, алғашқы шақырылымның басты ерекшелігі жаңа конституциялық модельмен ғана емес, депутаттық корпустың едәуір жаңаруымен де байланысты. Алайда құрамның өзгеруі парламент жұмысының сапасын өздігінен арттырмайды. Негізгі нәтиже депутаттардың жаңа өкілеттіктерді қалай пайдаланатынына байланысты болмақ, деп хабарлайды turkystan.kz.
Құрылтай құрамына әртүрлі кәсіби және қоғамдық ортадан шыққан жаңа тұлғалар келді. Бұл парламенттік жұмыстың мазмұнына жаңа көзқарастар енгізіп, қоғамдағы түрлі топтардың мәселесін заң шығару деңгейінде көтеруге мүмкіндік береді. Жұмабек Сарабековтің айтуынша, жаңа депутаттардың келуімен бірге олардың кәсіби дайындығы, саяси дербестігі және күрделі мәселелер бойынша өз ұстанымын ашық білдіре білуі маңызды.
– Бір жағынан, бұл парламент жұмысына жаңа көзқарастар мен жаңа саяси стиль әкелуі мүмкін. Екінші жағынан, жаңа депутаттардың тәжірибесі, саяси дербестігі және күрделі мәселелер бойынша өз позициясын білдіре білуі маңызды. Сонымен қатар, құрамның жаңаруы автоматты түрде Парламенттің саяси рөлінің түбегейлі өзгеретіндігін білдірмейді. Негізгі мәселе – жаңа депутаттардың берілген мүмкіндіктерді қаншалықты пайдалана алатынында. Жаңа Конституция бойынша Құрылтайдың өкілеттігі кеңейді, сондықтан ол тек заңдарды қабылдайтын орган емес, Үкіметпен белсенді жұмыс істейтін, қоғамдық мәселелерді ашық көтеретін және саяси пікірталас жүргізетін институт ретінде әрекет ете алады, – дейді сарапшы.
Саясаттанушының пікірінше, депутаттық құрамның жаңаруы парламенттің саяси рөлі бірден түбегейлі өзгереді дегенді білдірмейді. Ол үшін жаңа мүмкіндіктер нақты саяси және заңнамалық жұмысқа ұласуы қажет. Жаңадан келген депутаттар қалыптасқан жұмыс тәртібіне бейімделіп қана қоймай, қажет болған жағдайда жаңа тәсілдер ұсынуға тиіс. Сондықтан олардың бұрынғы кәсіби тәжірибесін парламенттік қызметте қаншалықты тиімді пайдалана алатыны ерекше мәнге ие.
Тағы бір маңызды ерекшелік – жаңа Құрылтайда партиялық бәсекелестік сақталғанымен, негізгі саяси күштің басымдығы айқын көрінеді. Сондықтан алдағы кезеңде Парламент ішіндегі нақты пікір алуандығы, депутаттардың дербестігі және маңызды мәселелер бойынша ашық дискуссияның болуы ерекше мәнге ие болады, – дейді ол.
Жаңа Конституция бойынша Құрылтайдың өкілеттігі кеңейді. Енді ол заңдарды қабылдайтын орган ретінде ғана емес, Үкіметпен белсенді жұмыс істейтін, қоғамдық мәселелерді ашық көтеретін және саяси пікірталас жүргізетін институт ретінде орнығуы керек. Бұл ретте депутаттардың Үкімет мүшелеріне сауал жолдауы немесе заң жобаларына дауыс беруі ғана жеткіліксіз. Құрылтай атқарушы биліктің шешімдерін жан-жақты талқылайтын, қоғамдық мүддені қорғайтын және мемлекеттік саясаттың тиімділігіне баға беретін алаңға айналуға тиіс.
– Негізгі мәселе – жаңа депутаттардың берілген мүмкіндіктерді қаншалықты пайдалана алатынында. Жаңа Конституция бойынша Құрылтайдың өкілеттігі кеңейді. Сондықтан ол тек заңдарды қабылдайтын орган емес, Үкіметпен белсенді жұмыс істейтін, қоғамдық мәселелерді ашық көтеретін және саяси пікірталас жүргізетін институт ретінде әрекет ете алады, – дейді Жұмабек Сарабеков.
Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Құрылтайдың тиімділігі заңдардың санымен емес, қабылданған шешімдердің сапасымен және олардың қоғамдағы мәселелерді қаншалықты шеше алғанымен бағаланбақ.
Жалпы, жаңа Құрылтайды құрамы жағынан жаңарған және институционалдық мүмкіндіктері кеңейген Парламент деп сипаттауға болады. Ендігі басты сұрақ – осы жаңару оның жұмыс сапасына қаншалықты әсер етеді. Осы тұрғыдан алғанда, бірінші шақырылымның алдында ерекше жауапкершілік тұр. Ол жаңа парламенттік жүйенің алғашқы тәжірибесін қалыптастырады. Егер депутаттар жаңа өкілеттіктерді толық пайдаланып, белсенділік пен дербестік көрсете алса, Құрылтайдың бірінші шақырылымы кейінгі шақырылымдар үшін маңызды стандартқа айналады. – дейді Жұмабек Сарабеков.