Аралда үй ауласынан полиция қызметкерінің мәйіті табылды

Бүгін, 11:33 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Қызылорда облысының Арал қаласында учаскелік полиция инспекторын өз үйінде өлтіріп кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Оның денесі тұрғын үй ауласындағы гараждан табылған. Марқұм 1988 жылы туған, оның денесінен жарақат іздері анықталды.

Қызылорда облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жанжал кезінде учаскелік инспектор ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған. Оқиға болған сәтте ол еңбек демалысында жүрген.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктінің жеке басы анықталғанын және оны ұстау шаралары қабылданып жатқанын мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, күдікті бұған дейін марқұм учаскелік инспектор тарапынан отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтары үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ оған қатысты қорғау нұсқамалары шығарылған.