Алматы облысында тіс дәрігерлері балаларды өтірік емдеу арқылы 66 млн теңге жымқырған

Бүгін, 10:39 / Алуа Арман
istockphoto.com

Алматы облысы прокуратурасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатын заңсыз иемдену дерегін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексеру барысында жалған медициналық қызметтер көрсету арқылы 65,9 млн теңге заңсыз алынғаны белгілі болды.

Анықталғандай, екі жеке стоматологиялық клиниканың басшысы пациенттердің дербес деректерін пайдаланып, медициналық ақпараттық жүйеге туа біткен патологиясы бар балаларға көрсетілмеген ортодонтиялық қызметтер туралы жалған мәліметтер енгізген. Соның негізінде МӘСҚ қорының қаражатынан заңсыз төлемдер жүргізілген.

Прокурорлық тексеру материалдары бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2) тармағымен қылмыстық іс тіркелді. Сот үкімімен кінәлі тұлға сотталып, мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді.

Тэгтер:

ақша жымқыру тіс дәрігері