1 қыркүйек – Білім күні

Бүгін, 09:00 / Інжу Әлихан

Елімізде жыл сайын 1 қыркүйекте Білім күні атап өтіледі. Жаңа оқу жылының басталуын білдіретін бұл күн білімге, жаңа мүмкіндіктер мен тың бастамаларға жол ашады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Биыл Қазақстанда 380 мыңға жуық бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, бірінші сыныпқа барады.

Білім мен ғылымға деген қызығушылық, ізденіс пен еңбекқорлық жас ұрпақтың қабілетін шыңдап, шығармашылық әлеуетін ашуға және жаңа идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Оқытушылар мен оқушыларға қызықты да табысты оқу жылын тілейміз!