Ұлттық арна Алтын қорды жаңғыртты
Ұлттық арна Алтын қорды жаңғыртты
3 мамырдан бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Алтын қорда» сақталған құнды бейнежазбалар көрсетілетін «Інжу- Маржан» атты жаңа бағдарламааралық тележобаны көрермен назарына ұсынады.
Тележоба қазақ ұлттық өнерінің дәстүрлі ән-күйлерін, өлеңдерін, жыр-термелерін насихаттауға, халықты отандық классикамен сусындатуға бағытталған. «Қазақ өнеріне аса құнды, мәңгі өлмес, бай мұра қалдырған өнерпаздар есімін ұмыттырмай, асқақтату үшін Ұлттық арнаның «Алтын қорында» сақталған өз орындауларындағы ән-күйлерді эфирден күнделікті беруді жоспарлап отырмыз.
Олардың арасында Кенен Әзірбаев, Дина Нұрпейісова, Мағауия Хамзин, Күләш Байсейітова, Рахым Тәжібаев, Жамал Омарова, Елемес Таласбайұлы, Жәнібек Кәрменов сынды қазақ өнерінің шоқтығы биік тұлғалары бар», - деп жазды телеарна басшысы Ерлан Қарин өзінің Facebookтегі парақшасына. Жоба жетекшілері - Асқар Әшімов пен Шынар Ыхсанғалиева, продюсерлері - Қуаныш Сүлейменов пен Болатбек Баянхан, режиссері - Гүлнаш Әбішева.
https://www.facebook.com/erlan.karin/videos/vb.100001011070695/1396869180356771/?type=2&theater