Әженің қолынан сүйіп, ерекше ілтипат танытқан Димаш Құдайберген көпті сүйсінтті

Бүгін, 20:14 / Жамбыл Жайлау
Stan.kz коллажы

Қарағандыда өткен концертте Димаш Құдайбергеннің егде жастағы көрерменге көрсеткен құрметі көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды turkystan.kz.

29 тамызда қалада Кеншілер күніне арналған үлкен концерт ұйымдастырылды. Сахнада Димаш Құдайбергенмен бірге Дима Билан, Қайрат Нұртас, Moldanazar және Dequine өнер көрсетті.

Әлеуметтік желіде тараған видеода Димаш көрермендер арасында отырған кейуанаға жақындап, оның қолынан сүйгені байқалады.

"Give me your love, апа", – деді әнші.

Оның бұл әрекеті желі қолданушыларын тәнті етті. Көпшілік Димаштың үлкенге құрмет көрсеткенін атап өтіп, тәрбиесіне жоғары баға берді.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, концертке шамамен 250 мың адам жиналған. Бұған дейін Қарағанды қаласының әкімдігі сағат 21:00 шамасында алаңда 170 мыңға жуық көрермен болғанын хабарлаған.

Концерттен кейін Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында Қарағанды тұрғындарына алғыс айтып, "Рақмет, Қарағанды!" деп жазба жариялады.

Тэгтер:

концерт Димаш Құдайберген