Мемлекет басшысының өкімімен Ринат Зәкиұлы Мұхаметқали Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ринат Мұхамекқали 1981 жылы дүниеге келген. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
2002-2004 жылдары жеке және мемлекеттік ұйымдарда қызмет атқарған.
2004-2009 жылдары Әділет министрлігі Заңнама департаментінде жетекші маман, бас маман, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы қызметтерін атқарған.
2009-2010 жылдары Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер департаменті директорының орынбасары болған.
2010-2021 жылдары Президент Әкімшілігінде мемлекеттік қызмет және кадр саясаты мәселелері жөніндегі инспектор, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2021-2022 жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппаратының басшысы болды.
2022-2023 жылдары Президент Әкімшілігі Басшысының хатшылығын басқарды.
2023 жылдың қаңтар айынан осы тағайындауға дейін Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.