Шығыс Қазақстанда кәсіпорын бухгалтері 10 млн теңге жымқырған

Бүгін, 17:00 / Алуа Арман
istockphoto.com

Шығыс қазақстан облысының Алтай ауданының прокуратурасы мемлекеттік мекемеде бюджет қаражатының жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Алтай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-де есепші бір жыл бойы екі бюджеттік спецификация бойынша өз банктік есепшотына 10 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражатты заңсыз аударып отырған.

Осы факт бойынша аудан прокуратурасы ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 1, 2) тармақшалары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Алтай аудандық сотының үкімімен кінәлі тұлға жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

ҚР ҚК-нің 74-бабының 1-бөлігі негізінде, жас баласының болуына байланысты тағайындалған жазаны орындау кейінге қалдырылды.

Жымқырылған бюджет қаражаты мемлекет кірісіне қайтарылды.

Тэгтер:

ақша жымқыру бухгалтер Шығыс Қазақстан