Шерхан Аймаханның қорғаушылары өмір бойғы жазаны алып тастауды сұрады – адвокат

Бүгін, 16:53 / Інжу Әлихан

Нұрай Серікбайдың өлтірді деп өмір бойына сотталған Аймахан Шерханның қорғаушылары апелляциялық шағым түсірген. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, қорғау тарапы Аймахан Шерханды некеге тұруға мәжбүрлеу бабы бойынша ақтауды сұраған. Сондай-ақ адам өлтіру бабын жеңілдетуді талап етіп, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын алып тастауды сұраған.

 «Аймахан Шерханның қорғаушыларымен берілген апелляциялық шағыммен таныстым.

Шағымда, сотталған Аймахан Шерханды ҚК-нің 125-1-бабы (некеге тұруға мәжбүрлеу) бойынша ақтауды, сондай-ақ адам өлтіруді Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі 5)тармағынан, 99-бабының 1-бөлігіне ауыстыруды сұрап, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын алып тастауды сұраған.

Яғни, Нұрай Серікбайды некеге тұруға мәжбүрлемеген және оны аса қатыгездікпен өлтірмеген деп алға тартып отыр. 

Бұл шағыммен әрине келіспеймін, бірінші сатыдағы соттың шығарған үкімі әділ болды және ол өзгеріссіз қалуы тиіс деп санаймын!», – деп жазды адвокат.