«Ауылда тұратындарды менсінбейтінмін»: Құралай ханым жан сырын ақтарды

Бүгін, 16:24 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Танымал коуч, психолог, ментор Құралай ханым Жанар Байсемізге сұхбат беріп, өз бойындағы жаман қасиеттері, кезінде көрсеткен тәкаппарлықтары туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Өзім өсіп жатқан кезде менсінбеушілік болды. Жолдасым тұрмақ, бүкіл ауылды менсінбеген кезім болды. Енді ол тәкаппарлық. Жас болдым. 19 жасымда тұрмысқа шықтым. Бала кезімнен «ауылда адам тұра ма, қалада тұру керек қой» деп айтатынмын. Бірақ өзім Алматының Қошмамбет ауылына тұрмысқа шықтым. Ауылдың қасында сиыр фермасы, тауық фермасы бар. Солай Қошмамбетті қабылдай алмай, 20 жыл алысыппын. Балаларым қаланың мектебінде оқығанын қаладым. Сөйтіп жиырма жыл дегенде Қошмамбетті қабылдадым. Ауылдағы дүкеніме ішкеннен басы ауырып тұрған адамдар келіп тұрғанда «Неге мен Қарақаттың, неге Алтынайдың көршісі емеспін? Неге мына кісілерді көруім керек?» дейтінмін. Қошмамбетте мені бәрі танипды. Енді бүкіл Қазақстан таныса екен дедім. Қазір шынымен Алтынаймен көрші тұрамыз. Сонда ауылдың кісілерін қабылдамайтынмын, тәкаппарлық танытатынмын», - дейді ол.

Тэгтер:

Құралай ханым Жанар Байсеміз