Павлодар облысының табиғат қорғау прокуратурасы Ертіс бассейндік су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану инспекциясымен бірлескен жұмыс аясында шаруашылық қажеттіліктер үшін суды заңсыз алудың 50-ге жуық фактісін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Анықталғандай, Су кодексінің талаптарын бұза отырып, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, коммуналдық ұйымдар, демалыс базалары және басқа да су пайдаланушылар арнайы су пайдалануға рұқсаты болмағанына қарамастан, жерүсті және жерасты суларын алып отырған.
Қадағалау актісі бойынша 15 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оларға жалпы сомасы 20 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.