«Бірге жылап алатынбыз»: Төреғали Төреәлінің әйелі көпшіліктен сүйінші сұрады

Бүгін, 12:25 / Інжу Әлихан

Әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы желіде қуанышты жаңалығымен бөлісіп, оқырмандарынан сүйінші сұрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, 11 жыл бойы церебралды сал ауруымен күресіп келе жатқан тұңғыш қызы Кәусардың еңбектей бастағанын айтты.

«Кәусар 5 жасына дейін Қытайда ем алып, бірнеше күрделі отадан өтті. Арасында емнен үзіліс алған кездері де болды. Кәусардан кейін өмірге 6 бауыры келді. Әрқайсын өмірге әкелген сайын ішімнен: «Осы бауырымен бірге Кәусарым да шауып кетсе екен», – деп тілейтінмін.

Соңғы екі айда жаттығуына қатты кірістік. Күн сайынғы жаттығуларын видеоға түсіріп жүрді. Басында әрең шыдайтынбыз. Қасында бірге жүріп, бірге жылап алатынбыз. Тоқтамадық. 11 жылдық еңбектің нәтижесін Алла осы күндерге жазып қойыпты.

«Көп тілеуі көп болады» деген осы шығар. Сүйінші! Төрештің Кәусар қызы, тұңғышы Кәусар еңбектеді!» – деді ол.