«Астана» телеарнасы көрермен назарына жаңа телесериал ұсынбақ

Бүгін, 12:28 / Дана Ізтілеуова

«Астана» телеарнасы көрерменге шытырман оқиғаға толы «Жат өмір» түрік телехикаясын ұсынады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сериалдың басты кейіпкері Аслы жүрегінің ауыр сырқатына байланысты ұзақ уақыт трансплантация кезегін күтеді. Күтпеген жерден бай отбасының қызы Мелике жол апатынан қаза тауып, оның жүрегі Аслыға салынады. Қайғыдан қан жұтқан Меликенің анасы Рейхан қызын жүрегінде алып жүрген Аслыға жақындық сезінсе, Аслының анасы Хүлия бұл жағдайға алаңдай қарайды.

«Жат өмір» сериалы 31 тамыздан бастап күн сайын сағат 21:00-де көрсетіледі.