Алматы облысындағы тауларда үш турист адасып кеткен

Бүгін, 09:13 / Інжу Әлихан
ТЖМ

Алматы облысының тауларында құтқарушылар үш туристке көмек көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Түнде Алматы облысының Қарасай ауданында, Үлкен Алматы асуының маңында, 3600 метр биіктікте үш турист таудан түсіп келе жатып адасып, құтқарушылардан көмек сұраған.

«Бұтақты» бақылау-құтқару бекетінен Алматы қаласының Мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары көмек көрсету үшін жолға шықты. Топпен байланыс орнатылып, олардың геолокациясы белгілі болды.

Құтқарушылар туристерді «Алма-Арасан» шипажайына дейін аман-есен алып түсті. Оларға медициналық көмек қажет болмады.