Астанада қайғылы жағдай болды

Бүгін, 07:44 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Астанада велосипедпен келе жатқан 46 жастағы әйел жол-көлік оқиғасынан қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға түнгі сағат 22:50 шамасында болған.

Әйел Жолымбет көшесінің бойындағы тротуармен велосипедпен келе жатқан. Бестөбе көшесімен қиылысқа жеткен кезде ол тізгінге ие бола алмай, жолдан өтіп бара жатқан «Газель» көлігінің артқы дөңгелегінің астына құлаған.

Алған жарақаттары салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.