Алматы облысының тауларында құтқарушылар үш туристке көмек көрсетті

Бүгін, 06:56 / Нұрлан Әлинұр
Newtimes

Түнде Алматы облысының Қарасай ауданында, Үлкен Алматы асуының маңында, 3600 метр биіктікте үш турист таудан түсіп келе жатып адасып, құтқарушылардан көмек сұраған. 

«Бұтақты» бақылау-құтқару бекетінен Алматы қаласының Мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары көмек көрсету үшін жолға шықан. Топпен байланыс орнатылып, олардың геолокациясы белгілі болды.

Құтқарушылар туристерді «Алма-Арасан» шипажайына дейін аман-есен алып түсті. Оларға медициналық көмек қажет болмады.