Алматыда BMW маркалы көлік пен такси соқтығысты. Алдын ала болжам бойынша, неміс көлігі жоғары жылдамдықта жүйткіген, деп хабарлады turkystan.kz қалалық ПД-ға сілтеме жасап.
Алматыда Төле би даңғылы мен Түркебаев көшесінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, BMW автокөлігі Түркебаев көшесімен солтүстік бағытта жоғары жылдамдықта келе жатқан. Неміс көлігі қиылысқа жеткен кезде такси көлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан BMW көлігінің екі жолаушысы медициналық көмекке жүгінді.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, жол-көлік оқиғасын тіркеді. Екі автокөлік те мамандандырылған айып тұрағына жеткізілді.
Қазір жол-көлік оқиғасының себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша оқиғаға құқықтық баға беріледі.