Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында құтқарушылар қайығы қайраңға тұрып қалған екі ер адамға көмек көрсетті. Бұл туралы ТЖМ хабарлады.
Оқиға Алтай ауданындағы Қаз аралында болған. Демалушылар өздігінен жағаға қайта алмай, құтқарушылардан көмек сұраған.
ТЖМ қызметкерлері қайықты қайраңнан шығарып, екі ер адамды жағалауға дейін жеткізді.
Демалушылардың жағдайы қанағаттанарлық, оларға медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін сақтап, су түбінің ерекшеліктері мен ауа райы жағдайларын ескеру қажеттігін еске салды.