Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратын құру туралы Жарлыққа қол қойды

Бүгін, 16:02 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Ақорда

Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты құрылды. 

Жарлыққа сәйкес, жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының алдында Үкіметтің өкілеттігін доғаруына байланысты қазіргі Үкімет жаңа құрам бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқара береді.