Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты

Бүгін, 15:02 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Алматылық құтқарушылар Алмалы ауданы Тұрғыт Озал көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатында болған өртті сөндірді. Бұл туралы turkystan.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның ресми Telegram-арнасындағы ақпаратқа сәйкес, оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері кіреберісте қатты түтін барын анықтады.

Құтқарушылар адамдарды эвакуациялап, құтқару жұмыстарын жүргізді. Өрт сөндіруге газ бен түтіннен қорғау қызметінің бірнеше буыны жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта өрт толығымен сөндірілді.