Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар (11-3) Астанада өткен IBA Nomad лигасының International Boxing Day турнирінде өзбекстандық Бобиржон Исроиловпен (1-0) жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Принц" лақап атымен танымал өзбекстандық спортшымен кездесу кәсіпқой бокс ережесі бойынша екінші орта салмақта өтті.
Жекпе-жекке дейін Еркебұлан Тоқтардың кәсіпқой бокстағы көрсеткіші 2-0, 2 КО болса, Бобиржон Исроиловтың рекорды 1-0, 1 КО еді.
Кездесуде қазақстандық спортшы басымдық танытып, қарсыласын бірнеше рет нокдаунға түсірді. Жалпы Бобиржон Исроилов төрт рет нокдаунда болды.
Нәтижесінде екінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатып, Еркебұлан Тоқтардың техникалық нокаутпен жеңіске жеткенін тіркеді.