"Қиналғаныңды көріп, абдырап қалдым": Жігер Ауыпбаев жұбайына қатысты күтпеген хабарды айтты

28 тамыз, 2026 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев жұбайының денсаулығына байланысты алаңдап жүргенін әлеуметтік желіде жазды, деп turkystan.kz тілшісі Malim.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесінің айтуынша, екеуі де тамақтан уланып қалған. Соған қарамастан, олар Өскеменге ұшып бара жатқанын бөлісті.

"Мен ауырғанда қу жаны қалмай шырылдап жүріп емдеп алушы еді… Енді екеуіміз де "отравление" болып алып, тып-тыныш Өскеменге ұшып бара жатырмыз. Алтыным сол, мен-ақ ауыра берейін. Сен ауырмашы. Сенің қиналғаныңды көріп, не істерімді білмей, абдырап қалып жатырмын. Сен тек күліп, жадырап, жайнап жүрші. Сенің күліп жүргенің мен үшін мереке екен. Алла шипа берсін, алтыным", – деп жазды әнші.

Жігер Ауыпбаев жұбайының ауырғанын көру өзіне қиын тиетінін айтып, оның тезірек сауығып кетуін тіледі. Сонымен қатар әнші жарының әрдайым күліп, жайнап жүргенін қалайтынын жеткізді.

Тэгтер:

денсаулық Жігер Ауыпбаев