Степногорск қаласының прокуратурасы еңбекақы төлеу саласындағы заңнаманың сақталуына тексеріс жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тексеріс барысында «Каусар» ЖК-де («Ақниет» жекеменшік балабақшасы) 20 жұмысшы алдында жалпы сомасы 3,7 млн теңге көлемінде жалақы бойынша берешек қалыптасқаны анықталды.
Бұзылған құқықтарды қалпына келтіру мақсатында қала прокуратурасы білім бөліміне прокурорлық қадағалау актісін енгізді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде берешек толық көлемде өтеліп, 20 жұмысшының жалақыны уақтылы алу жөніндегі конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.
Еңбек заңнамасының сақталуы Степногорск қаласының прокуратурасының тұрақты бақылауында.