Павлодарда кәсіпорыннан 25 млн теңгеге жуық ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Бүгін, 17:19 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Павлодарда кәсіпорын жұмысшысы жұмыс орнынан 25 млн теңгеге жуық ақша ұрлаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктінің аталған кәсіпорында күзетші болып жұмыс істегенін анықтаған.

Саяжайдағы тінту кезінде тәртіп сақшылары алма ағашының түбіне жасырылған 24 млн теңгені тапты.

Күдікті қамауға алынды. Табылған ақша заттай дәлел ретінде тіркелді.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.