Депутаттар Құрылтай Төрағасының орынбасарларын сайлады

Бүгін, 15:12 / Дана Ізтілеуова
видеодан скриншот

 Бірінші шақырылымдағы Құрылтай депутаттары Құрылтай Төрағасының орынбасарларын сайлады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 11-бабына сәйкес Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай өзінің орынбасарлары лауазымына Нұрлан Бекназаровтың, Дания Еспаеваның және Динара Зәкиеваның кандидатураларын ұсынды.

Дауыс беру ашық форматта өтті. Депутаттар Спикердің ұсынысын қолдады.