Құрылтай депутаттары ант беріп жатыр

Бүгін, 12:47 / Дана Ізтілеуова
Видеодан скриншот

Бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясында депутаттар ант қабылдауды бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, маған жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін", – дейді депутаттар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуымен құттықтап, алғашқы отырысты тарихи сәт екенін айрықша атап өткен болатын.

Құрылтайдың 145 мандаты мынадай тәртіппен бөлінді:

«Әділет» – 110 мандат;

«Ауыл» – 10 мандат;

Respublica – 9 мандат;

«Ақ жол» – 8 мандат;

ЖСДП – 8 мандат.