Ұлт мүддесі бәрінен биік тұруға тиіс – Тоқаев

Бүгін, 12:02 / Алуа Арман
Ақорда

Бүгін Ақордада өткен Құрылтайдың бірінші сессиясында Қасым-Жомарт Тоқаев нағыз отаншыл азамат үшін өз халқына адал қызмет етуден асқан бақыт жоқ екенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталады. Бұл – Қазақстан тарихындағы тұңғыш жоғары консультативтік орган. Еліміздің этникалық, аймақтық, әлеуметтік, қоғамдық-саяси ерекшеліктерін бір арнаға тоғыстыратын жаңа құрылым заңнамалық бастама көтеру құқығына ие болады. Шын мәнінде, бұл – бірегей орган. Осылайша, қысқа уақыттың ішінде биліктің барлық негізгі институттары жаңғырып, алдағы реформаларға тың серпін береді. Нағыз отаншыл азамат үшін өз халқына адал қызмет етуден асқан бақыт жоқ. Ұлт мүддесі бәрінен биік тұруға тиіс. Әділетті, Күшті Қазақстанды құру – баршамызға ортақ міндет. Ел аманатына адал болу – парыз. Сіздер осы жолда табанды еңбек етесіздер деп сенемін. Құрылтай жұмысына табыс тілеймін! Қастерлі Отанымыз өсіп-өркендей берсін! Қазақстан Республикасы жасасын!», – деді Президент.

Тэгтер:

Құрылтай Сессия ұлт мүддесі