Президент Жарлығымен Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Бүгін, 11:04 / Інжу Әлихан
Үкімет

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды turkystan.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«ҚР Конституциясының 69-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 28 тамыз

№ 1414», – делінген Жарлықта.