Шымкентте 18 жастағы қызға әжесі бүйрегін беріп, өмірін сақтап қалды (ВИДЕО)

Бүгін, 10:08 / Інжу Әлихан
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасы

Шымкент қаласында 18 жастағы қызға әжесі бүйрегін берді. Жас қыз ауыр бүйрек ауруына шалдыққаннан кейін дәрігерлер оған трансплантация қажет екенін анықтаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қажетті тексерулерден соң оның ата-анасының қан тобы донорлыққа сәйкес келмеген. Осы кезде немересінің өмірін сақтап қалу үшін әжесі донор болуға шешім қабылдаған.

«Ең бастысы, менің немерем сау болсын», – деген әже операцияға қажетті медициналық тексерулерден өтіп, бүйрегін беруге келісім берген.

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында мамандар тірі туыстық донордан бүйрек трансплантациясын сәтті орындады.

Қазір әже мен немере дәрігерлердің бақылауында, екеуі де оңалту кезеңінен өтіп жатыр.

18 жыл бұрын кішкентай немересінің қолынан ұстаған әже бүгінде оған жаңа өмірге қадам басуға мүмкіндік сыйлады.