«Тез сауығып кетсін»: Актер Мағауия Қозбағаровтың жағдайы көпшілікті алаңдатты

Бүгін, 06:21 / Нұрлан Әлинұр
Коллаж: turkystan.kz

Елімізге белгілі әзіл-сықақшы, актер Мағауия Қозбағаровтың әлеуметтік желіде тараған суреті көпшіліктің назарын аударды. Көпшілік өнер иесінің денсаулығына алаңдап, оған жылы тілектерін білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желіде Дархан Пірназаров Мағауия Қозбағаровпен бірге түскен суретін жариялаған. Кадрдан актердің дастархан басында отырғанын көруге болады.

«Алла шипасын берсін, Ақ Мәкең 100 жасқа», – деп жазды ол.

Жазбаға пікір қалдырғандар да Мағауия Қозбағаровқа алаңдаушылық білдіріп, тезірек сауығып кетуін тіледі.

«Мағауия ағай ма, мәссаған, ағай ауырып қалған ба? Алла шипасын берсін, тез сауығып кетсін», – деп жазды желі қолданушысы.