Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 05:50 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

28 тамызда Алматы, Ақтөбе, Балқаш қалаларында, түнде Атырау, Қарағанды, Теміртауда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.