Каспий теңізінде сапбордпен жүзген екі бала жоғалып кетті

Бүгін, 23:35 / Жамбыл Жайлау
видеодан скриншот

Маңғыстау облысында сапбордпен жүрген екі жасөспірім жел күшейіп, жағадан алысқа ығып кеткен. Балаларды жергілікті тұрғындар өз күштерімен іздеп тауып, аман-есен жағаға жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Lada.kz жазуынша, оқиға 27 тамыз күні таңертең Қызылөзен ауылы маңында болған. Ауылдың WhatsApp тобына теңізде екі баланың жоғалғаны туралы көмек сұраған хабарлама түскен.

Ерікті Бекзат Сейдахметтің айтуынша, жасөспірімдер жағалау маңында сапбордпен жүзіп жүрген кезде кенеттен жел көтеріліп, оларды ашық теңізге қарай алып кеткен.

"Оқиғаны естіген ауыл азаматтары бей-жай қарап отырмай, дереу іске кіріседі. Нәтижесінде ауыл тұсынан Форт-Шевченко бағытына қарай шамамен 3 км, жағадан тереңдікке қарай 1.5-2 км шамасында екі жасөспірім құтқарылды", – деп жазды ерікті.

Балаларды іздеуге жергілікті тұрғындар моторлы қайықпен шыққан. Біраз уақыттан кейін олар екі жасөспірімді тауып, қауіпсіз жерге жеткізген.

Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті де оқиға туралы хабарлама түскенін растады. Құтқарушылар оқиға орнына шыққанымен, жолда балалардың жергілікті тұрғындар тарапынан табылғаны белгілі болған.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Тэгтер:

Каспий