Қазақстандық қақпашы ойнайтын клуб Чемпиондар лигасында әлемнің әйгілі командаларымен бақ сынасады

27 тамыз, 2026 / Жамбыл Жайлау
"Сабах" футбол клубының баспасөз қызметі

УЕФА штаб-пәтерінде 2026/27 жылғы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов өнер көрсететін Әзербайжанның "Сабах" клубы турнирдегі дебюттік маусымында Испанияның "Барселона" және "Вильярреал", Англияның "Арсенал" және "Манчестер Юнайтед", Германияның Дортмунд "Боруссиясы", Италияның "Наполи", Чехияның "Славия" және Норвегияның "Викинг" клубтарымен кездеседі.

"Сабах" "Барселона", "Боруссия", "Наполи" және "Славияны" Бакуде қабылдайды. Ал қалған қарсыластарымен сырт алаңда ойнайды.

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне 29 команда автоматты түрде жолдама алған. Тағы жеті қатысушы іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша анықталды.

Тэгтер:

Футбол сабах