26 тамызда Абай облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полиция мәліметінше, Chevrolet Nexia және Kia Rio маркалы екі көлік соқтығысқан.
Chevrolet Nexia жүргізушісі алдында келе жатқан «Газель» көлігін басып озу кезінде қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кетіп, сол жерде Kia Rio автокөлігімен соқтығысқан.
Салдарынан көліктердің жүргізушілері мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тергеу жүріп жатыр.