Шығыс Қазақстанда 31 жастағы келіншек сүйіктісінің қолынан қаза тапты

Бүгін, 17:12 / Алуа Арман
istockphoto.com

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауылында қайғылы оқиға болып, салдарынан 31 жастағы әйел қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, әйел мен оның бірге тұратын ер адамы арасында жанжал болған. Алдын ала ақпарат бойынша, алкогольдік ішімдік ішкен ер адам әйелге ауыр дене жарақатын салған. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, 31 жастағы әйелді құтқару мүмкін болмаған. Ол алған жарақаттарының салдарынан қайтыс болды.

Шабуылдан кейін ер адам өз-өзіне қол жұмсаған.

Оқиға фактісі бойынша Күршім аудандық полиция бөлімі қылмыстық істер қозғады. Қазір құқық қорғау органдары қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Полицияның атап өтуінше, оқиғаға қатысты түпкілікті қорытынды тергеу нәтижелері бойынша жасалады.

Тэгтер:

Шығыс Қазақстан келіншек Күршім ауданы