Биржада доллар бағасы күрт көтерілді

Бүгін, 16:47 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 462,3 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 3,28 теңгеге жоғары, деп хабарлайды turkystan.kz.

ҚР Ұлттық банкі 27 тамызға белгілеген доллардың ресми бағамы 458,87 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 461,69 теңге, сату бағамы — 463,62 теңге. Астана қаласының айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 459 теңгеден сатып алып, 466 теңгеден сатып жатыр. Шымкенттегі айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 462,31 теңге, ал сату бағамы — 464,91 теңге.

Еске сала кетейік, 26 тамыздағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,66 теңгеге өскен болатын.

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге биржа нарық қор