Танымал блогер, актриса Сая Оразғалиева «Мамский әңгіме» подкастына сұхбат беріп, көңіл қосып жүрген жаңа сүйіктісі жайлы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Рүстем менің достарымның парақшасының арасынан үнемі шығып қала беретін. Бір күні алдымнан шыққан соң парақшасына кіріп, қарап шықтым. Әдемі екен. Байқамай парақшасына жазылдым, басылып кетті. Содан кейін ол да маған жазылды. Сөйтіп инстаграм арқылы араласып кеттік. 14 ақпанға маған гүл жіберіпті. Мені спортзалға, дәрігерге жазып қойды. Ақшасын төледі. Менен 6 жас кіші. Көп әңгімелестік. Ашық адам. Бәрін ашық айтады. Бірден бір-бірімізге өмірбаянымызды айтып бердік. Ол бұрын некеде болған. Бір қызы бар. «Үйленесің бе?» деген сұрақты үшінші кездесуде талқыладық», – деді ол.