Мемлекет басшысының жарлығы және өкімдерімен Сатыбалды Бұршақов, Дархан Ахмедиев, Абай Алтай және Ербол Адаев лауазымдарынан босатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Мейрамұлы Ахмедиев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының өкімімен Абай Алтай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының өкімімен Ербол Дәненұлы Адаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.