Алматы – Ташкент бағытындағы пойызға әйелдер вагоны қосылады

Бүгін, 09:18 / Інжу Әлихан
ҚТЖ

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 1 қазаннан бастап алғаш рет №1/2 «Алматы – Ташкент» халықаралық пойызының құрамында «Әйелдер вагоны» қызметін іске қосады. Аталған пойыз Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тұрақты теміржол қатынасын қамтамасыз етіп, екі елдің ірі қалаларын байланыстырады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Алматы – Ташкент халықаралық бағыты Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жолаушылар қатынасын дамытуда маңызды рөл атқарады. Бағытқа сұраныстың артуы және жолаушылар ағынының өсуі ескеріле отырып, осы бағытта «Әйелдер вагонын» іске қосу туралы шешім қабылданды. Бұл қызмет ішкі теміржол бағыттарында да жолаушылар арасында жоғары сұранысқа ие. «Әйелдер вагоны» қызметі іске қосылғаннан бері оны 946 мыңнан астам жолаушы пайдаланды», — деп атап өтті «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Ахметжанов.

Қазір пойыз күн сайын қатынайды:

Жаңа вагонның іске қосылуына байланысты «Әйелдер вагоны» қызметі қолжетімді бағыттардың саны 14-ке жетеді:

Әйелдер вагонында» ересек адамның еріп жүруімен жеті жасқа дейінгі ұл балаларды қоса алып жүруге рұқсат етіледі. Бұл вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады, ал жолаушыларға тек жолсерік әйелдер қызмет көрсетеді.