"Үйде жалғыз қалғанда 2" фильмінің актері ауыр сырқаттан көз жұмды

Бүгін, 22:25 / Жамбыл Жайлау
Kevin Winter/Getty Images

Аты аңызға айналған британдық актер Тим Карри 80 жасында қайтыс болды. Ол көрерменге «Үйде жалғыз 2» комедиясындағы қонақүй консьержі және 1990 жылы шыққан Стивен Кингтің «Ол» шығармасының экранизациясындағы Пеннивайз рөлдері арқылы жақсы таныс, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, актердің қайтыс болғанын оның менеджері растаған.

Тим Карри 1946 жылы Англияда дүниеге келген. Ұзақ жылдарға созылған шығармашылық жолында ол кино, театр және музыка саласында еңбек етіп, «Эмми», «Грэмми», «Тони» секілді беделді марапаттарға бірнеше рет ұсынылып, түрлі жүлделерге ие болған.

The New York Post басылымының жазуынша, актер 2012 жылы инсульт алғаннан кейін ұзақ уақыт бойы денсаулығына байланысты қиындықтармен күрескен.

Карри актерлік мансабын Лондон театрында бастаған. 1968 жылы ол Вест-Энд сахнасындағы «Hair» мюзиклінің бастапқы құрамында өнер көрсетті. Сол жерде Ричард О’Брайенмен танысып, кейін 1973 жылы «Рокки Хоррор шоуындағы» доктор Фрэнк-Н-Фуртер рөлін сомдады. Бұл кейіпкер оның шығармашылық мансабындағы ең танымал образдардың біріне айналды.

Тим Карри сондай-ақ 1990 жылғы «Ол» фильмінде қорқынышты сайқымазақ Пеннивайздың рөлін сомдап, әлемдік кино тарихында есте қаларлық образ жасады. Ал «Үйде жалғыз 2: Нью-Йоркте адасқан» фильміндегі қонақүй қызметкері рөлі арқылы оны бірнеше буын көрермен жақсы таныды.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздердің мәліметінше, актердің өлімінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Тэгтер:

Тим Карри