27 жастағы ер адам футбол ойынынан кейінгі видеосы үшін айыппұл арқалады

Бүгін, 21:08 / Жамбыл Жайлау
видеодан скриншот

Ақтөбе облысында әлеуметтік желіге видео жариялаған 27 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция мәліметінше, бейнеролик 8 шілдеде TikTok және Instagram желілерінде жарияланған. Құқық қорғау органдары жазбада қоғамдық әдеп пен мінез-құлық нормалары өрескел бұзылғанын мәлімдеді.

Тексеру барысында видео авторының Ақтөбе облысының тұрғыны Қолдас Қойшығараев екені анықталған.

Нәтижесінде ер адамға 20 АЕК көлемінде, яғни 86 500 теңге айыппұл салынды.

Алайда полиция бейнероликтегі нақты қай сөз немесе әрекет әкімшілік жауапкершілікке негіз болғанын ашып айтқан жоқ.

Тэгтер:

Полиция Ақтөбе