Бурабай орманында жоғалып кеткен қыз бала табылды

Бүгін, 20:37 / Жамбыл Жайлау
burabaypark.qr-pib.kz

Бурабайда орман ішінде адасып кеткен қыз бала аман-есен табылды. Оны іздеу жұмыстары шамамен бес сағатқа созылған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 25 тамызда полицияға жасөспірімнің жоғалғаны туралы хабар түскен. Туыстары қыздың Синюха тауы маңында жоғалып кеткенін айтқан.

Жер бедерінің күрделі болуы және кештің батып бара жатқаны ескеріліп, тәртіп сақшылары бірден іздеу шараларын бастаған. Оларға Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары және еріктілер қосылды.

Іздеу топтары орман алқаптары мен оған жақын аумақтарды түгелдей тексеріп, қыз жүруі мүмкін бағыттарды қарастырған.

Нәтижесінде жасөспірім қараңғы түскен уақытта, жоғалғанынан шамамен бес сағат өткен соң табылды.

Полиция мәліметінше, қазір қыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Тэгтер:

қыз Бурабай